Бәйдібек би — Арғынбеков жолайрығының құрылысы басталады

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Бәйдібек би — Арғынбеков көшелерінің қиылысында көлік жолайрығының құрылысы басталады. Осыған орай қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мердігермен бірлесе нысан аумағындағы кәсіпкерлермен көшпелі жиын өткізуде.

Жолайрықтың техникалық сипатына сәйкес Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр аралықта жол құрылысы жүргізіледі. Жоспарға сәйкес, ені 80 метрлі 4-6 жолақты жол болады. Ал жол жиегінде жаяу жүргіншілер жолы мен веложол қаралған. Бұл жұмыстар үшін 61 жер телімін мемлекет иелігіне алу көзделіп отыр.

Жолайрық құрылысын толығымен аяқтау 2023 жылдың соңына жоспарланған.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...