Ақтас-2 елдімекенінде ауыз су мәселесі шешілді

Абай ауданына қарасты Ақтас-2 елдімекені тұрғындары бүгінге дейін ауыз суды тасымалдап тұтынып келген болатын. Бұл мәселені шешу үшін ағымдағы жылы су құбырларын орнату үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бүгінде толығымен аяқталды.

Бұл туралы қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлады. Жалпы ұзындығы 50,9 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры орнатылып, Ақтас-2 елдімекеніндегі 200 отбасы сапалы ауыз сумен қамтылды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде қала тұрғындарының 95,6 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл барлығы 14 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта ауыз суды тасымалдап тұтынатын 7 елді мекен (Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас) және кестемен берілетін 2 елді мекенде (Жаңаталап, Сәуле) ауыз су мәселесі рет-ретімен шешілуде. Жыл соңына дейін қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98 пайызға өседі.

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...