3-ЕУІ 1-ЕУІНДЕ КОФЕ ҮЛКЕН ТАНЫМАЛДЫҚҚА ИЕ

2017 жылы Шымкент қаласында 3-еуі 1-еуінде кофе өндіру цехы ашылды. Осылайша, мегаполисте «Nefis Tea» және «Nefis Cafe» сауда маркаларының өнімдері пайда болды.

NEFIS GROUP» ЖШС шикізатты Индонезия елінен алады, өйткені бұл елде тиісті халал сертификаттары бар, сондай-ақ компания 100% табиғи кокос кілегейін пайдаланады, соның арқасында кофе қайталанбас дәмге ие. Кофе мен шайдан басқа компания ылғалды сулықтар өндірумен айналысады. Ылғалды сулықтар өндірісі ең озық технологияларды пайдалана отырып, жетекші индустриялық елдерде өндірілген жоғары сапалы мата емес материал болып табылады.

«NEFIS GROUP» ЖШС елімізде өз брендіне сулықтарды дайындауға тапсырыс беретін түрлі компаниялармен (авиакомпаниялар, теміржол компаниялары, KFC, Донер-Бургерлер және т. б.) жұмыс жасайды.

Айта кетейік, қазіргі таңда отандық өндіріс бұйымын таныту мақсатында «NEFIS GROUP» ЖШС ұлттық ою-өрнектерден жасалған бірегей дизайнды пайдалана отырып, экологиялық таза материалдарға баса назар аударуды жоспарлап отыр.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...