276 орам тұрғындары ауыз сумен қамтылды

Мемлекет басшысының Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу мақсатында Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар атқарылып отыр.

Атап айтқанда биыл қаладағы елді мекендерге ауыз су тарту үшін 14 нысанның құрылысы жүргізілді. Бүгінде бірқатар елдімекенде жұмыс аяқталып, тұрғындар тіршілік нәріне қол жеткізді.

Сондай елдімекендердің бірі — Сауле шағынауданының жаңақұрылыс аумағында орналасқан 276 орам. Бүгінге дейін суды кестемен пайдаланып келген тұрғындардың мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Ондағы 1 228 абонент үздіксіз мемлекеттік жүйедегі суды тұтынатын болды. Мердігер мекеме «АГАТ» тарапынан құрылыс 2021 жылдың маусым айында басталған болатын. Қазіргі таңда 54,9 шақырым су құбыры тартылды.

Жуырда Асар-2, Ақтас, Жаңаталап, Ынтымақ-2 және Тұран шағынаудандарында да ауыз су мәселесі шешімін тапты. Жыл соңына дейін қала тұрғындарын сумен қамту көрсеткіші 98 пайызға жетпек.

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Программа «Таза Қазақстан»: в Шымкенте все больше горожан, заботящихся об экологии

Пока общество не борется с экологическими проблемами, которые беспокоят мир, результаты невелики. Поэтому суть экологических мероприятий в рамках программы «Таза ...