1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Айтулы дата осыдан 10 жыл бұрын, нақты айтсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен бекітілген болатын. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізіліп, 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні деп белгіленді.

1991 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш Президенті ретінде қызметке кірісті. Аталмыш мерекенің 1 желтоқсан сайын тойлануында осындай мән бар.

КСРО ыдыраған тұста тәуелсіздігін жариялаған Қазақстанның тұңғыш Президенті болғаны ескеріліп, сол тұста қолға алынып, жүзеге асқан түрлі бастамалар мен реформалар, мемлекет құру жолында жасалауы тиіс стандартты шаралардың бәрі Елбасы есімімен бірге аталып жүр.

Араға ғасырлар салып, мемлекеттілігін қайтарған қазақ елінің алғашқы басшысы болғанына орай, тұңғыш Президент ерекше құқыққа ие тұлға болып саналады. Оның тәуелсіздіктің елең-алаң шағында атқарған қызметі заңнамалық тұрғыдан жоғары бағасын алған. «Тұңғыш Президент», «Елбасы», «Ұлт көшбасшысы» деген ресми мәртебелері бар.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан тарихындағы орны туралы қалам тербейтін кейбір тарихшылар мен саясаттанушылар елдегі ең сүйекті жобалар мен елеулі тарихи оқиғалардың бәрінің бастауында Елбасы тұрғанын жазып жүр. Атап айтсақ, ҚР Қарулы күштерінің құрылуы, шекараның делимитациясы мен демаркациясы, ұлттық валюта – теңгенің айналымға шығуы, ел астанасының Алматыдан Ақмолаға ауыстырылуы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы, ұлттық алтын-валюта қорының құрылуы, Конституцияның бірнеше рет жетілдірілуі, Еуразиялық жэономикалық одақтың құрылуы және оған Қазақстанның мүше ретінде кіруі сияқты оқиғаларды Елбасының еңбегі ретінде бағалау үрдісі бар.

Қазақстанның даму бағытын айқындап отырған «Қазақстан-2050» стратегиясы да Елбасының бастамасымен қабылданған.

2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Президенттік өкілетін қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстады. Осы оқиғаның аясында Астананың атауы Тұңғыш Президенттің атына Нұр-Сұлтан болып ауыстырылды.

x

Check Also

Олжас Бектенов сарапшылармен бірге салық реформасы және цифрландыру арқылы әкімшілендіру мәселесін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен және бизнес өкілдерімен салық реформасы мәселесін талқылады. Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында ұсынылған шаралар ...

Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

Қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты халық арасында әлі де сұрақ көп. Бұл мәселені сан-саққа жүгіртудің қажеті жоқ, байыппен қарап, кәсіби ...