«Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсаукесері өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

«Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсаукесері өтті

Шымкенттегі жастар ресурстық орталығында «Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай режиссер Серік Таласовтың жаңа туындысы көрерменге ұсынылды.

Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, фильмнің режиссері Серік Таласов және актерлік құрам, волонтерлік ұйымдардың өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының волонтерлік топтарының белсенді жастары қатысты.

Фильмде екі достың оқиғасы арқылы еріктілердің жұмысы суреттеледі. Жастардың патриоттық санасын қалыптастыру және өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында түсірілген фильм режиссердің 50 туындысы.

Кино көрсетілім соңында Шыңғыс Жұмабекұлы мен Бахадыр Нарымбетов сөз алып, режиссердің туындысына бағасын берді.

– Бұл мен көрген сәтті шыққан фильмдердің бірі дер едім. Киноматографиясына тоқталсақ, барлық жанр қамтылған. Серіктің талантты киногер екенін халық жақсы біледі. Жаңа туындысы қоғамдағы көптеген өзекті мәселелерді қозғайды. Актерлер де өздеріне қойылған миссиясын жақсы алып шыққан. Әрқайсысының кәсіби маман екенін сомдаған рөлдерінен көруге болады. Мұндай фильмдерді үлкен экрандарға шығаруға өзім де атсалысамын. Алдағы уақытта кинотеатрларда фильмді көпшілікке тамашалауға мүмкіндік жасаймыз, — деді Шыңғыс Мұқан.

x

Check Also

Шәмші әндері – халық жүрегінде

Шымкентте қазақ вальсінің королі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын ұлықтауға арналған «Ән аға – Жан аға» атты концерттік кеш ...

Халық бірлігі – ел тұрақтылығының негізі

Шымкент қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлік мүшелері мен қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен ...