Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Балалар фольклоры – тәрбие негізі» атты іс-шара өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында өткен тәрбие сағаты отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтың негізгі өзегі баланың санасын ояту, балабақша және мектеп оқушыларына ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Танымдық кешке қаладағы №58, №50, №83, №15, №38, №135 жалпы орта мектеп оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында балалар сәбилік салт – жырлары қуырмаш, санамақ, тұсау кесу, тәй-тәй, тәмсілдер, нақыл, өсиет және қанатты сөздер, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылытпаштар айтып жарысты.

Ұйымдастырушы, дәстүр танушылар бұл ойындар балалардың абстаркциялық ойлау жүйесін байыту, сонымен қоса түсті (ақ, қара) жақсы ажыратуды меңгерту, бояулар үндестігін, құрақша құрастыру, ағаш конструкцияны түсіне қарап құрастыру, талғамын ерте қалыптастыруда маңызы зор деп есептейді. Ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын, өмір салтымызды заманға сай одан әрі насихаттау, байыту, оны бүгінгі жастардың санасына қалыптастыру қажет.

Орталық директоры м.а. Райхан Сапарқызы игі шараның маңыздылығына тоқталып, үлес қосқан мектептерге арнайы алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.

x

Check Also

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...