Түркістанда қазақ күресінен Қажымұқанның 150 жылдығына арналған халықаралық турнир өтіп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда қазақ күресінен Қажымұқанның 150 жылдығына арналған халықаралық турнир өтіп жатыр

Түркістанда қазақ даласының батыры Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған қазақ күресінен дәстүрлі халықаралық турнир басталды.

Дүбірлі сайысты Түркістан облысының әкімдігі ұйымдастырды. Жарыстың ашылу салтанатында көпшілік назарына батыр баба туралы деректі фильмнен үзінді ұсынылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов даңқты балуанның ел тарихында мәңгі қалатынын, Түркістан өңірінде қазақ күресі мен жалпы спортқа қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

Кіл мықты балуандар бәсекесіне биыл еліміздің 12 өңірімен қатар Ресей, Өзбекстан және Қырғыз Республикасынан 200-ден астам апайтөс балуан қатысып, бақтарын сынап жатыр.

«Керуен сарай» əмбебап орталығындағы «Шоу арена» ойын-сауық кешенінде өтіп жатқан күрес додасында еліміздің таңдаулы балуандарымен қатар спорт ардагерлері, қайраткерлері және жанашырлары келді. Олардың арасында Қажымұқан бабаның немересі, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Шаттық Қажымұқан да бар. Сайыста 8 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады. Ал «түйе балуанға» Ордабасы ауданы әкімдігі жергілікті демеушілер арқылы «темір тұлпарды» әзірлеп отыр.

Осылайша күш атасының дүбірлі тойы Түркістан өңірінде жоғары деңгейде өтіп жатыр. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі қарсаңындағы бұл дода ұлттық спорттың беделін асқақтата түсті. Түркістан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевтың қадағалауымен қазір ауыл-аймақтарда жастар арасында қазақ күресі дамып келеді.

x

Check Also

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...