Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Мемлекеттік шекара» кітабы жарық көрді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Мемлекеттік шекара» кітабын шығарды. Жаңа кітап мемлекеттік шекараны күзету ісіне өлшеусіз үлес қосқан жасыл күнқағарлы жауынгерлерге арналған.

«Мемлекеттік шекара» кітабындағы әңгімелер мен очерктер қатарына тәуелсіз Қазақстанның Шекара қызметінің даңқты шежіресіндегі айтулы деген оқиғалар кірді.

Мұнда шекара жауынгерлерінің тынымсыз күндері, әрбір қазақстандық үшін қасиетті саналатын ел шебін күзету кезіндегі бастарынан кешірген шиеленіске толы оқиғаларымен ерекшеленеді.

Кітапты қолына алып, беттерін ашқан сәттен бастап, оқырман өзін кейіпкерлермен бірге ел шебінде жүргендей, біресе жаяу, бірде атпен, тағы бірде итпен бірге қаруын серт ұстап, тау асып, тас басқандай, су кешіп, теңіздің толқындарына қарсы жүзгендей әсерге бөленеді.

Шекарадан өткізуге қатаң тыйым салынған есірткі затын тасымалдаушыны құрықтап, таудың ішінде мал бағып бұйығы тіршілік кешіп жатқан шопанның отбасын кепілге алған қылмыскерден тайсалмаған шекарашыны су да, өрт те алған бетінен қайтара алмайтынын «Мемлекеттік шекара» сыр қылып айтып береді.

Кітапты қолына алған шекарашы ардагер өзімен бірге қызмет атқарған қаруласымен қауышады, ал кіші буын шекарашыны жаңа ерлікке жетелейді. Бұл кітап – қоғам дамуына үлес қоса алатын үлгілі еңбек. Әсіресе, өсіп келе жатқан жастарға тәуелсіз еліміздің тыныштығы шекарадан басталатынын үйрететін тамаша дүние.

Өйткені шекара – Отанымыздың айнасы. «Мемлекеттік шекара» — шекарашылар үшін ғана емес, әскери өмірден тысқары қарапайым адамдар үшін де оқылымды.

x

Check Also

Денсаулық сақтау саласын өңірлік дамытудың бағдарламасы

Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен,  денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп Шымкент қаласының «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың ...

Көшпелі отырыс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында осы сипаттағы құқықбұзушылықтармен күрес шаралары, партияның сайлауалды ...