Шымкенттің бас дәрігері қызына вакцина салдырды


Бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қызы ковидке қарсы вакцина салдырды. Қызымен емханаға келген қаланың бас дәрігері жазбаша сауалнамаға жауап берді.

15 жасар Мерейге емхана мамандары Pfizer вакцинасын салды. Оныншы сынып оқушысы ата-анасымен кеңесе келе екпе салдыруға шешім қабылдағанын айтады.

«Ата-анаммен келісіп, вакцина салдырдым. Осы екпе арқылы өзімді қауіпті вирустан қорғағым келеді» – дейді Мерей.

«Балаңызға вакцина салдырасыз ба деп, көпшіліктен сауал келуде. Мен бұл сауалға «ия» деп жауап берген едім. Қызыммен сөйлесе келе вакцина салдырамыз деп шештік. Басқа ата-аналарға да үлгі болса деймін» – дейді Б. Позилов.

Айта кетейік, 15 қарашадан бастап Шымкентте Pfizer препаратымен егу жұмыстары жүргізілуде. Дәрігерлердің сөзінше, екпе алған азаматтарда теріс реакция байқалған жоқ. Олар бірнеше күн бойы медицина қызметкерлерінің бақылауында болады.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...