Шымкенттік зейнеткерлер белсенді өмір салтын насихаттауда

Шымкент қаласындағы «Асыл жүрек» белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір сүруді насихаттап, олардың өмірге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында қызмет атқарады. Бүгінде орталықта 445 зейнеткер түрлі қызмет түрлерін алуда. Апта сайын қариялар Дендросаябақта спортпен шұғылданып, би билеп уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізеді.

Шет тілін меңгеріп жүргендер де бар. Одан бөлек, қолөнермен шұғылданып, орталықтағы кітапхананың тұрақты оқырмандарына айналған.

«Белсенді ұзақ өмір орталығы Шымкенттің зейнет жасына жеткен барша тұрғындарын қабылдайды. Қызмет алушылар орталыққа келгенде міндетті түрде бірінші дәрігерлік тексеруден өтеді. Апта сайын дендросаябаққа барып дене шынықтырумен және йогамен айналысады. Массаж, физиотерапия, фитобар, тұзды кеніш және өзге қызмет түрлері де қарастырылған» — дейді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова.

«Асыл жүрек» белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жайында толық ақпаратты 8(7252) 53-02-08 нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.

x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...