ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Қостанай қаласында өткен ұлттық жекпе — жектен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Шымкент қаласынан 9 спортшы қатысып, 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді.

Атап айтқанда, Қуаныш Тимур 63 келі, Әбдуілі Саят 70 келі салмақта жеңімпаз атанды. Сейдазым Әлібек 75 келі салмақта алтын медальға қол жеткізсе, Мейрханов Сейтхан 59 келі салмақта күміс жүлдегері атанды, Утемисов Бекжан 57 келі салмақта қола жүлдегерлер атанды.
Айта кетейік, Қостанай қаласындағы Азия чемпионаты 28-31 қазан күндері өтті.

Сонымен қатар, Қазан қаласында (Ресей Федерациясы) өтіп жатқан Әлем чемпионатында шымкенттік спортшы белбеу күресінен жүлдегері атанса, 100 келі салмақта Нұрсұлтан Қожагелді күміс медаль иеленді.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...