Шымкентте студенттік жатақханалар саны артады

Шымкент қаласында 2023 жылдың соңына дейін 4 мыңнан астам студентті орналастыруға арналған 11 жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасынан хабарлады.

Бүгінде Шымкент жастар қаласы ретінде танылып келеді. Мұнда 106 792 студент білім алуда. Оның 75 022-сі шаһардағы 8 жоғарғы оқу орнында оқиды.

Сондай-ақ, 32 колледжде 31 770 студент бар. Мегаполисте студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Өйткені, 106 мыңнан астам шәкірттің шамамен 75 500-і Шымкентке көршілес аймақтар мен облыстардан келіп оқиды. Яғни, осынша студент жатақханаға орналасуы тиіс.

Ал, қазір қалада жұмыс істеп тұрған 22 жатақхана 7 175 студентті қабылдай алады. Демек, баспанаға мұқтаж студенттердің 9,5 пайызы ғана қамтылған. Сол себепті бүгінде Шымкентте жатақхана құрылысына айрықша назар аударылып отыр.

Атап айтқанда, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы арқылы жеке инвесторларды тарта отырып биыл 1 474 орынды 4 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған. Соның ішінде 1 100 студентті қабылдай алатын 3 жатақхана қыркүйек айында ашылды. Ал, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 374 орынды жатақханасы желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, Шымкентте 2022 жылы 900 орынды 2 жатақхананы, ал, 2023 жылы 1 650 орынды тағы 5 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған.

x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...