Шымкентте оқушыларды вакцинациялау басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте оқушыларды вакцинациялау басталды

 

Шымкентте оқушыларға бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салу басталды. №14 емдеу орталығының мамандары мектептегі егу бекетінде вакцинациялау жұмыстарын жүргізді.

Қалада алғашқылардың бірі болып Pfizer вакцинасын 25 мектептің оқушылары салдырды. Екпеден алдын дәрігерлер жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егуде.

Мектептерде вакцинациялау жұмыстарын жүргізу үшін 140 егу бекеті ұйымдастырылған. Мұнда профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.

Айта өтсек, Шымкентке Pfizer вакцинасының 46 800 дана мөлшеріндегі алғашқы партиясы жеткізілген болатын. Екпе егілетін тұрғындарға қаланың медициналық ұйымдарында, ал жасөспірімдерге білім беру ұйымдарында ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің ерікті келісімінен кейін жүргізіледі. Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар аумақтық емханаларда вакцина салдыра алады.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...