Шымкентте экономика саласы бойынша оң өсім бар

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы, республикалық бюджеттің атқарылуы және Ұлттық халық санағының қорытындылары жария етілді.

10 айдағы әлеуметтік экономикалқ даму көрсеткіштерді баяндаған Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ішкі және сыртқы инвестициялар тартуда оң өсім бар екенін атап өтті. Республикада биылғы он айда өндіруші емес салалар бойынша инвестиция өсімі 14,0 пайызға артып отыр.

Шымкент қаласы инвестициялар тарту бойынша өңірлер арасында алғашқы орында келеді. Қаламызда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда инвестиция тарту көрсеткіші 41,2 пайызға артқан.

Өткен он айдың қорытындысы бойынша құрылыс саласында да оң өсім сақталып отыр. Шымкент қаласында бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,8 пайызға өскен.

Есепті кезеңде елімізде 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Шымкент қаласында бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23,7 пайызға артқан.

Ә.Ерғалиев 7 негізгі макроэкономикалық көрсеткіш бойынша оң өсу Алматы, Жамбыл облысы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалғанын атап өтті.

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...