Шымкентте арзандатылған азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 30 жылына орай, қала әкімдігінің қолдауымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионы алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жалпы 200-ден астам қала кәсіпкерлері және 50-ден астам Түркістан облысының тауар өндірушілері қатысып, қала тұрғындарына сапалы және нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен бағада азық-түлік тауарлары ұсынылды.

Түркістан облысының Түлкібас, Төлеби, Отырар, Қазығұрт, Сарыағаш, Ордабасы, Бәйдібек, Шардара аудандары жәрмеңкеге қала тұрғындарына 6 тонна ет, 3 тонна сүт өнімдері, 15 тонна картоп, 7 тонна жеміс-жидек, 4 тонна қызанақ, 2 тонна қияр мен жеміс шырындарын әкелді.

Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат –халықты тиімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Аталған жәрмеңке жергілікті шаруаларға өз тауарларын делдалсыз сатуға мүмкіндік берді.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...