Шымкентте алғаш рет ми тамырына микрохирургиялық ота жасалды

Қаладағы №1 аурухана базасында дәрігерлер инсульт алған 69 жастағы науқастың ми қан тамырын микрохирургиялық әдіспен тігіп берді.

Шымкентте алғаш рет жасалған ота – еліміздің үздік нейрохирургі Еркін Медетовтың жетекшілігімен өтті.

Науқас аталған ауруханаға жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Инсулть алған науқасты дәрігерлер ангиографиялық әдіспен тексеріп, қан тамырындағы ақауды анықтаған. Пациенттің өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл түрде оны ота залына кіргізіп, ми қан тамырына хирургиялық ем жасады.

– Тексеру кезінде науқастың шат тамыры арқылы еніп, ми қан тамырларын тексердік. Тексерудің нәтижесінде ми қан тамырының бітелгенін анықтадық. Мидың сол аймағына қанның жетіспеушілігіне байланысты жаңадан тамыр тігу қажет болды. Сондықтан осы операцияны жасадық. Бұл отаның мақсаты мидың қан жетпей тұрған аймағына айналма жол арқылы қан жеткізу,-дейді нейрохирург Еркін Жұмағалиұлы.

Дәрігердің айтуынша, ота сәтті өткен. Науқастың қазіргі жағдайы жақсы.

x

Check Also

Денсаулық сақтау саласын өңірлік дамытудың бағдарламасы

Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен,  денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп Шымкент қаласының «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың ...

Көшпелі отырыс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында осы сипаттағы құқықбұзушылықтармен күрес шаралары, партияның сайлауалды ...