«Шымкент өнімдері» көрмесі өтеді

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында 17-19 қараша күндері «Шымкент өнімдері» көрмесі өтеді.

Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарын, ұйымдар мен мекемелерді жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен кеңінен таныстыру.

Іскерлік байланыстарды нығайту үшін көрмеге әлеуетті тұтынушылар шақырылып отыр. Олардың қатарында мердігерлер және жобалық ұйымдары, қонақүй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар, жергілікті атқарушы органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері бар.

Көрмеде тамақ, жеңіл, машина жасау, фармацевтика, химия, жиһаз өнеркәсібі және құрылыс материалдарын шығаратын 90-нан астам кәсіпорынның өнімдері ұсынылады.

Қала тұрғындарын отандық өнімдерді тамашалауға шақырамыз.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...