Шымкент демографиялық өсімде көш бастады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент демографиялық өсімде көш бастады

Ұлттық статистиканың мәліметінше, демографиялық өсім жағынан Шымкент мегаполистер арасында көш бастап тұр. Демографиялық дүмпу бірінші кезекте туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты. Қуаныштысы сол қалада биыл дүние есігін ашқан егіздердің саны өскен.

Жыл басынан бері қалада 305 егіз дүниеге келген. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда егіздер саны 100-ге артық дейді дәрігерлер. 2021 жылы сыңарымен туған сәбилердің басым бөлігі – қыз балалар.

– Байқасаңыздар, екі немесе одан да көп сыңардың бір мезетте егіз болып тууы барысында жүктілік мерзімі қысқа, сәбилердің салмақтары қалыпты жағдайдан жеңілірек болады. Сондықтан болар, егіздердің көбісі – шалабайлар. Шала туған сәбиді перзентханадан бірден шығармаймыз. Туған күннен бастап бір айға дейін күтім жасаймыз. Осы уақыт аралығында анасы мен сәбидің денсаулығында ешқандай кінәрат болмаса, үйге шығуға рұқсат етеміз, — дейді Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігері Жанат Үсенбаева.

Шымкентте жыл басынан бері 29 105 сәби дүние есігін ашқан. Биыл туған шақалақтың 14 105-сі – қыз бала, 15 000-ы – ұл бала. Ал үшемдердің саны бесеуге жетті.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...