Шымкент аулалары ажарлана түсуде

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Нұрсат тұрғын алабына барып, аумақтың абаттануымен танысты.

Тұрғын алапта №109-117 аралығындағы 10 көпқабатты үйдің ауласы «Build Stroi» мердігер мекемесінің демеушілігімен абаттанып, көгалданған. Аулалардың 13 880 шаршы метр аумағына су құбырлары тартылып, кіші су бұрқақтары орнатылды.

Балалар ойын алаңшасының элементтері қайта сырланып, газон мен ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары атқарылған.

Қаламыздың дамуы мен тұрғындарға жайла орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға кәсіпкерлер зор үлес қосып жатқанын айтқан қала басшысы, мұндай игі істер үшін мердігерге алғысын айтты.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...