Шеткі шағынаудандарда вакциналау ісі қарқын алды

Қаладағы «Ақжар» және «Ақтас» шағынауданында вакцина егу жұмыстары қарқын алды. Ақтастағы №61 мектепте қазір 300-ден аса оқушы білім алады. Білім ұясындағы оқушыларға профилактикалық жұмыстарды дер кезінде жүргізу үшін мұнда егу бекетінің жұмысы ұйымдастырылған. №11 емхана мамандары бүгін медициналық кабинетте алғаш рет оқушыларға Pfizer препаратын салды.

«Перзентімнің қауіпсіздігі үшін мен бүгін мектепке арнайы келіп, балама вакцина салдырдым. Вакцинациялау кезінде ұлымның қасында болдым. Балам 9 сыныпта оқиды», — дейді Жаннұр Бегмағанбетова.

Ақжардағы медициналық ұйымда да бүгін №11 емхана мамандары бала емізетін аналар мен жүкті әйелдерге екпе салды. Өз еркімен екпе алуға келген аналарды дәрігерлер алдымен медициналық тексеруден өткізіп, вакцинаны енгізу алгоритмін түсіндіріп берді.

Қалалық №11 емхананың бас дәрігері Қанат Тумановтың айтуынша, емдеу мекемесі аумағында 10 мектеп бар. Білім ұяларының барлығында егу бекеттері жұмыс істеуде.

«№11 емханада тіркеуде 12-18 жас аралығындағы 4602 жасөспірім бар. Сондай-ақ, бала емізетін 556 және 344 жүкті әйел бар. Бүгін біз жоспар бойынша 12 азаматқа Pfizer препаратын салып бердік. Вакцина алуы тиіс топтағы пациенттерге ағарту жұмыстары толығымен жүргізілді. Денсаулық жағдайы мен пациенттің келісімі болса, медицина мамандары вакцина салып беруге дайын», — дейді Қ.Туманов.

Айта кетейік, 15 қарашадан бастап Шымкентте Pfizer препаратымен егу жұмыстары жүргізілуде. Екі күн ішінде қалада 173 адам Pfizer вакцинасын салдырған. Вакцина алғандардың ішінде 133-і жасөспірім, 28-і жүкті әйел және 12-сі бала емізетін ана. Дәрігерлердің сөзінше, екпе алғандардың арасында кері реакция болған жағдай тіркелмеді. Бөлісу:

x

Check Also

Шымкент: Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында алты отбасына жаңа пәтерлер берілді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру қолға алынған болатын. Бірінші кезеңде Реновация ...

Мақсат — татулықты тұғырынан түсiрмеу

Бүгін «Достық үйінде» Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің ...