Сәуле шағынауданы 2022 жылы табиғи газбен қамтылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Сәуле шағынауданы 2022 жылы табиғи газбен қамтылады

Әл-Фараби ауданында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7% құрап отыр. Аудан әкімі Р.Мыңбаев 9 айлық есебінде шалғай елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу барысын баяндады. Аудандандғы инфрақұрылымды қажет ететін 195-ші орам электр жарығы мен ауыз су өткен жылы қамтылған болатын.

Орамның жаңақұрылыс аймағындағы 300 тұрғын үйге табиғи газ тарту жұмысы 2020 жылы қолға алынған. Қазір нысанның құрылысы аяқталып, абоненттеу шаралары жүргізілуде.

Инфрақұрылымы толық қамтылмаған Сәуле шағынауданы 276-шы орамды ауыз сумен қамту үшін «Агат» мердігер мекемесімен келісім-шарт түзілген. Құрылыс жұмысы осы жылдың маусым айында басталған. Қазір құрылыстың 97%-ы атқарылып, жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі. Шағынауданға электр жарығын «Ақсемсер-стройсервис» ЖШС-і тартуда.

Қазір құрылыстың 60 пайызы атқарылған. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың ІІ тоқсанына жоспарлануда. Ал табиғи газбен қамту үшін ішкі орамдық құбыр жүйесін тарту жұмысын «ХМСУ Шымкент мелиорация» мекемесі жүргізуде. Құрылыс осы жылды қазан айында басталып, нысан 2022 жылға өтпелі.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...