Қоғамдық көліктер кондукторсыз қызмет көрсетуде

Қаламыздағы «Т-Бас» тасымалдаушы компаниясына тиесілі №18 маршрут сынама жоба ретінде пилоттық режимде кондукторсыз қызмет көрсетуде.

Бұл туралы жолаушылар Жоба бойынша маршрут схемасында 7 аялдама бойында жалпы саны 10 ревизорлы бақылаушы мамандар автобустағы жолаушылардың жол ақысын төлеген немесе төлемегенін, егер қолма-қол төлем жасаған жағдайда билет алуын тексеріп отырады.

Жол ақысын төлеуді автоматты есепке алу жүйесі, яғни «Төлем» енгізілген уақытта кондукторлардың қызметінсіз жұмыс жасау басқарма назарында болды. Бірақ қаламыздағы халықтың ахуалы(менталитет) көтермегендіктен және бұл жобаны енгізіп отырған инвесторлар қолдамауы себепті кондукторлар қызмет көрсетуін жалғастырған болатын.

№18 маршрут қазіргі уақытта жұмыс күндері 10 автобус 15 минутпен, ал демалыс күндері 8 автобус 19 минуттық интервалмен жұмыс істеуде.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...