«Қамар сұлу» операсы сахналанды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Қамар сұлу» операсы сахналанды

Кеше Шымкент қалалық опера және балет театрының сахнасында Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсының премьерасы көрермен назарына ұсынылды.

Бұл опера премьерасы алғаш рет 2013 жылы қойылып, қоюшы режиссерлері ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғафиз Есімов пен ҚР еңбек сіңірген әртісі Махинұр Рахманова болды.

Бұл жолғы премьераны Ресей режиссеры Михаил Панджавидзе өзінің ерекше стильді идеясымен Еркеғали Рахмадиевтың 90 жылдығына орай өнер сүйер көпшілікке паш етті. Байшыкеш Нұрым бойжеткеннің қарсылығына қарамастан қос ғашықты ажыратып, Қамарды әйелдікке алуға ұмтылады.

Бай шонжардың сойылын соққандар сұлуды Нұрымның босағасына байлап беруге тырысады. Бұған қамардың ағасы Оспан да құмбыл. Қойылымның екінші бөлімінде Қамарды Нұрым бай алып тынады. Бірақ қайғыдан құр сүлдері қалған сұлуды әкесі Омар мен ғашығы Ахмет құтқарып қалады.

Сахнада өнер көрсеткен — Шымкент қалалық опера және балет театрының солистері, хор труппасы, балет және симфониялық оркестрі.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...