Қалада спорттық алаңша ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Қалада спорттық алаңша ашылды

Шымкенттегі №74 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай, спорттық алаңша ашылды.

Спорт алаңшасының салтанатты ашылу рәсіміне мектеп директоры Нүрипа Әуелқызы және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Төлеміс Елібек Худиярұлы, «Көркем әжелер» тобының мүшесі Анипа Искакова және ата-аналар мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Жаңадан ашылған спорт алаңшасында енді балалардың алаңсыз спортпен шұғылдануына мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек мектепте бірнеше спорт үйірмелері жұмыс істейді. Үйірме жетекшілерінің айтуынша, жаңадан ашылған спорт нысаны арқылы волейбол мен кіші футболды дамытуға болады. Мұның барлығы да балалардың болашағы үшін жасалып отырған игі іс. Білім нәрімен сусындаған, дені сау ұрпақ ертеңгі ел жүгін көтерер азамат болары хақ.

x

Check Also

Стимуляция национального роста в Курултае

Шолпан ТОРГАУТОВА, докторант ІІІ курса ЮКПУ им.Ө.Жәнібеков, член Научно-экспертной группы «Қоғамдық келісім» г.Шымкент Формирование Курултая в Казахстане – это переход ...

Құрылтай – ел дамуына жаңа серпін береді

Қазақстанда Құрылтайдың құрылуы – елдің саяси жүйесін жаңғырту жолындағы маңызды қадам. Бір палаталы Парламентке көшу заң шығару үдерісін жетілдіріп, мемлекеттік ...