Циркте өнер көрсетіп, бетіне жан қаратпай жүрген Қажымүқан бір сапарында Бішкектің мал базарына соқса керек. Ойдан-қырдан жиналған ел-жұрт палуанды орталарына алып, жібермей, серіппедей шиыршық атып тұрған бұлшық еттерін тамашалап, оңаша үй тігіп, бие сойып, қымыз сапырыпты.
Африкада қара зәңгімен белдесіп жыққанын, жапон палуаны Сар-Ки-Киді қалай жеңгенін тындап, айыздары қанып, желпінген топ тыныш тұра
ма, Қажымүқанды Қожамқұлмен күрестіріп, қызыққа батайық деседі. Орталары-нан шығарып, үш тоғыз жүлде де тігеді. Ат шаптырып, аулынан алдырылған Қожамқұл алдымен аға палуанға барып, ізетпен көріседі.
Тамашаға жиналған көпшілік екі жаққа бөлініп, бұрын-соңды көз көрмеген үлкен күрестен дәмелі көңілмен қызыл өңеш боп жатады.
— Қажеке, — дейді осы кезде қырғыз палуаны. — Бір бастың екі көзіндей бауырлас егіз елдің азаматымыз. Сіз — аға, мен — інімін. Біріміз жығып, мақталып, екіншіміз жығылып, тапталып жатқанымыз жараспас. Әрі бізге меймансыз. Беліңізге жармассам, аруақ кешірмес. Жүлде сіздікі болсын!
Осыны айтып, Қожамқұл ұстаспай-ақ, кісілікпен жолын берген екен.
— Қайтер екен деп, сын көзіммен қарап түр едім. Көрген-түйгенің көп, қырғыз елінің абыройына туған ұл екенсің. Жұлдызың жансын! — деп, Қажекең інісін құшақтап, бетінен сүйіпті. Жүлдеге алға үш тоғызын сол маңдағы жетім-жесірге түгелдей таратып беріпті.