Месячные архивы: Ноябрь 2021

Шымкентте жаңа спорттық нысан ел игілігіне берілді

Белгілі кәсіпкер Серік Төлбасовтың қоры Майлықожа көшесі №17 көпқабатты үйдің тұрғындарына жаңа спорттық алаңшасын тарту етті. Мұнда азаматтардың спортпен айналысуы үшін ұзындығы 24 метр, ені 12 метр болатын көпфункционалды спорт алаңы салынған. Одан бөлек, мұнда спорттық құрылғылар орнатылған workout аймағы да қарастырылған. Енді аула тұрғындары жыл он екі ай осы алаңқайларда дене жаттығуларымен айналыса алады. Салтанатты жиынға қатысқан қала әкімінің ...

Читать далее »

Шымкентте VІ республикалық әкелер форумы өтуде

Шымкент қаласында «Әкеге қарап ұл өсер» атты VІ республикалық әкелер форумы өтуде. Отбасы институтын нығайту және ер адамдардың отбасындағы рөлі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған форумның ашылуында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сөз сөйлеп, жиынның маңызын атап өтті. — Бүгінде қоғам ауқымды трансформацияны басынан өткізуде. Осылай жедел өзгеріп жатқан қоғамдағы ер азаматтардың орны мен рөлі, оның мойнындағы міндеттер ...

Читать далее »

Арнайы техниканың дайындығы тексерілді

Шымкент қалалық азаматтық қорғау қызметі мен авариялық-құтқару қызметтері жол техникасының қыс мезгіліне әзірлігі қаралды. Арнайы техниканың дайындығын қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов және ТЖ департаменті бастығының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев тексерді. Бұл тексеру «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың қарсаңында өткізілуде. Мақсат – инертті материалдар қорын және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарына қалалық азаматтық қорғау қызметінің техникасын пайдалану деңгейін тексеру, арнайы ...

Читать далее »

Қаланың бас дәрігері арқаны кеңге салу әлі ерте екенін ескертті

Шымкент қаласы бірнеше аптадан бері «жасыл» аймақта. Бүгінгі таңда 200 адам ковид ауруы бойынша ауруханада жатыр. Оның 47-сі жансақтау бөлімінде жатса, екеуінің халі нашар. Екеуі де өкпені қолдан желдету аппаратына қосылған. 3 қараша күнгі мәлімет бойынша 47 адам Ковид белгісімен тіркелген. Олардың арасында 18 науқас ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталықта қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қатысуымен ...

Читать далее »

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Мемлекеттік шекара» кітабы жарық көрді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Мемлекеттік шекара» кітабын шығарды. Жаңа кітап мемлекеттік шекараны күзету ісіне өлшеусіз үлес қосқан жасыл күнқағарлы жауынгерлерге арналған. «Мемлекеттік шекара» кітабындағы әңгімелер мен очерктер қатарына тәуелсіз Қазақстанның Шекара қызметінің даңқты шежіресіндегі айтулы деген оқиғалар кірді. Мұнда шекара жауынгерлерінің тынымсыз күндері, әрбір қазақстандық үшін қасиетті саналатын ел шебін күзету кезіндегі бастарынан кешірген шиеленіске ...

Читать далее »

Қажымұқан мен Шмидт белдесуі

Немесе Қазақ балуанына қаржылай қолдау көрсеткен ағайынды екеу кім? Астана қаласына жол түсіп, біраз күн бас шаһарды араладым. Онда да ежелгі таныстар, ағайын-туыс­тар бар дегендей, бір аптаның төңірегінде соларда қонақ болдым, қаладағы мәдени, тарихи ескерткіштерді тамашаладым, қысқарта айтқанда, жаңа шаһардан үйге қанағатты сезіммен оралдым. Осы жайлардың ішіндегі бөле-жара айтарым – әйгілі жазушы, қоғам қайраткері, бәрімізге бала жасымыздан өзінің «Тоқаш Бокин» ...

Читать далее »

Елінің даңқын асырған балуан

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында халқымыздың даңқты перзенті, атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толуына орай, өзі өмірінің соңғы жылдарын өткізген Түркістан облысының Ордабасы ауданынан астаналық өңір — Целиноград ауданына арнайы делегация ат басын бұрды. Қадірлі меймандар балуанның әжесі мен әкесі жерленген зиратқа барып, марқұмдарға құран бағыштады. Тарихи мәліметтерге жүгінсек, балуан атамыз Қажымұқан Мұңайтпасұлы Қыпшақтың Алтыбас руынан шыққан. Арғы ...

Читать далее »

Қажымұқан балуанның досы Субек ұста

Биыл қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби спортшы Қажымұқан Мұңайт­пасұлының туғанына – 150 жыл. Аталған мерейтойлық датаға байланыс­ты жуықта Мәдениет және спорт министрлігі жыл бойы атқарылатын іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы орайда, Баянауыл өңірінде өмір сүрген Қажекеңнің досы жайлы газет оқырмандарын хабардар етсек дейміз. Бұл фото біздің қолымызға ертеректе түскен еді… Бет-әлпетінен жылы жігердің желі ескен, көзқарасы сұсты болмаса да, терең ойлы екені ...

Читать далее »

Рубашка Кажымукана — бесценный талисман

Одна из личных вещей легендарного борца, батыра казахских степей, нашего земляка Кажымукана Мунайтпасова находится в личной коллекции жителя Кокшетау Рахата Барысулы. Это — старинная рубашка, которая на протяжении всей жизни служит для него своеобразным талисманом, и он уверен, что это единственная личная вещь известного борца, которая дошла до наших дней. — История рубашки Кажымукана — один из неизвестных эпизодов жизни ...

Читать далее »

Қаратау ауданының 9 айлық есебі қабылданды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы әкімдігінің биылғы жылы атқарған жұмыстарының есебі шеңберінде бірқатар нысандарға арнайы барып, берілген тапсырмалардың орындалу деңгейін қадағалады. Қала басшысы ауданның қысқы кезеңге дайындығын, аулаларда қолайлы орта қалыптастыру, ойын алаңшаларын орнату тапсырмаларының орындалуын тексерді. Жиында аудан әкімі А.Аликуловтың есепті баяндамасын талқылады. Ауданда индикаторлық көрсеткіштер толығымен орындалған. Салық түсімі 114 пайызға немесе 1,3 млрд. теңгеге ...

Читать далее »

Ақжайықта балаларға арналған ойын алаңшасы ашылды

Шымкент қаласының Қаратау ауданы «Ақжайық» шағынауданында 14 көпқабатты үйдің 2 ауласында балалар ойын алаңшасы мен жаттығу тренажерларын орнату жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме «НұрекАзияБизнес» ЖШС және «АгроСпецМонтаж» ЖШС нысандарды қараша айында тапсыруды жоспарлап отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шағынаудандағы №63/27, 69/36, 37, 38, 40, 43, 44 үйлердің аулаларында орналасқан балалар ойын алаңшасының құрылысымен танысып, жұмыс сапасын бақылады. Қала әкімі тұрғындарға ...

Читать далее »

Шымкент аулалары ажарлана түсуде

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Нұрсат тұрғын алабына барып, аумақтың абаттануымен танысты. Тұрғын алапта №109-117 аралығындағы 10 көпқабатты үйдің ауласы «Build Stroi» мердігер мекемесінің демеушілігімен абаттанып, көгалданған. Аулалардың 13 880 шаршы метр аумағына су құбырлары тартылып, кіші су бұрқақтары орнатылды. Балалар ойын алаңшасының элементтері қайта сырланып, газон мен ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары атқарылған. Қаламыздың дамуы мен тұрғындарға жайла орта қалыптастыру ...

Читать далее »

Қала әкімі Қаратау ауданының қысқа дайындығын тексерді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданының қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын тексерді. Ауданда басты 90 көше мен 992 ішкі орам көше, аяқ жолдар және аулаларды қардан тазалау жұмыстарын «Жасыл жер» және «Ақсемсер строй сервис» мекемелері жүргізеді. 54 арнайы техника және 350 жұмысшы дайындалды. 7 мың текше метр құм, 2 мың тонна тұз инертті материалдар қарастырылуда. Әкім, ішкі көшелер мен аяқжолдар ...

Читать далее »

Ветеринариялық іс-шараларды іске асыру міндетті

Қазақстанда «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар жеке қожалығындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге, аса қауіпті ауруларға қарсы екпе жүргізуге міндетті. Сонымен қатар, ветеринариялық іс-шаралар жүргізу барысында ветеринар дәрігерге жәрдем көрсетуге, жаңадан сатып алынған жануарларды, алынған төлдерді, сатқан жануарларды, жаппай қырылу жағдайлары бойынша ветеринариялық мамандарға хабарлауы тиіс. Құрметті қала тұрғындары! Қораңыздағы 4 түлік мал бірдейлендірілмеген жағдайда және ...

Читать далее »

Қала экологиясын оңалтуға басымдық берілді

ҚР Үкіметінің бүгінгі отырысында еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов хабарлама жасап, атмосфералық ауасы ластанған он қаланы атап өтті. Селекторлық режимде өткен Үкімет отырысына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Қалалар экологиясын жақсартуда «Жасыл қала» Ұлттық жоспары шеңберінде ірі өндіріс орындарының ауа ластау деңгейін төмендету, елді мекендерге табиғи газ тарту, шаруашылық субъектілерді газға көшіру, қоғамдық көліктерді сұйық ...

Читать далее »

Қоғамдық көліктер кондукторсыз қызмет көрсетуде

Қаламыздағы «Т-Бас» тасымалдаушы компаниясына тиесілі №18 маршрут сынама жоба ретінде пилоттық режимде кондукторсыз қызмет көрсетуде. Бұл туралы жолаушылар Жоба бойынша маршрут схемасында 7 аялдама бойында жалпы саны 10 ревизорлы бақылаушы мамандар автобустағы жолаушылардың жол ақысын төлеген немесе төлемегенін, егер қолма-қол төлем жасаған жағдайда билет алуын тексеріп отырады. Жол ақысын төлеуді автоматты есепке алу жүйесі, яғни «Төлем» енгізілген уақытта кондукторлардың қызметінсіз ...

Читать далее »

Шымкентте халықаралық бағытта 4 әуе қатынасы жүруде

Қазіргі таңда Шымкент қаласында халықаралық бағытта 4 әуе қатынасы жүзеге асырылған. Атап айтқанда, Стамбул, Мәскеу, Кутаиси және Шарджа қалаларына жолаушылар тікелей қона алады. Бұл туралы Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы хабарлады. Еліміздің үшінші мегаполисінде халықаралық бағыттардан бөлек Қазақстанның өзге өңірлерімен де тікелей байланыс бар. Ішкі туризмді дамыту мақсатында 8 өңірмен, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, ...

Читать далее »

Шымкентте сәбіз өсіруде жаңа технология қолданылады

Шымкентте ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері және Оңтүстік – Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты өкілдерінің қатысуымен «Шымкент қаласының жасыл белдеуінің сұр топырақтарында сәбізді аулада өсіру технологиясын енгізу» жобасы бойынша семинар-кеңес өтті. Жиынның мақсаты – Шымкенттің жасыл белдеуінің сұр топырақтарында сәбіздің қарқынды сорттарын өсірудің тарақты технологиясын енгізу, тамшылатып суғару әдісін қолдану, экологиялық таза өнім алу және тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамту. Қаладағы ...

Читать далее »

Еңбекші ауданына 46 млрд. теңге жеке инвестиция тартылды

Еңбекші ауданында 20 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Биылғы жылғы тоғыз айдың қорытындысымен шағын және орта бизнес құрылымдарынан 59 млрд. теңге салық түсіп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 10 пайызға артқан. Бұл туралы қала басшысы М. Әйтеновке аудан әкімі есеп беру жиынында баяндады. Осы мерзім ішінде ауданның инфрақұрылымдық және кәсіпкерлік бағыттарына 68 млрд. теңге көлеміндегі ...

Читать далее »

Жыр алыбы ұлықталған кеш

Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің және Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Қаратау мен Сырдың елі дәстүрменен жырдың кені» атты Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы дәстүрлі әншілерінің концерті өтті. — Жалпы бүгін Қаратау мектебіне Сыр өңірінің — Қызылорда облысының дәстүрлі әншілері, жыршылары, өнерпаздары қонаққа келіп жатыр. Бұл енді ресми іс-шара емес. ...

Читать далее »