Отбасы құндылықтарын насихаттайтын контентті көбейту қажет

Интернет кеңістігінде отбасы құндылықтарын насихаттайтын, үлгілі отбасыларды елге танытатын және балаларға арналған қазақ тілді контент өте аз.

Бұл туралы «Әкеге қарап ұл өсер» атты республикалық әкелер форумы аясындағы «БАҚ пен блогерлердің Қазақстандағы отбасы институтының қалыптасуына ықпалы» панелдік сессия барысында белгілі журналист Ерболат Мұхамеджан айтты.

— Біз қаласақ та, қаламасақ та балалардың тәрбиесіне интернет қатты әсер етіп жатыр. Бірақ, интернетте балаларға зиянды ақпараттар өте көп. Өкінішке қарай, мемлекет әлі күнге телеарналарға басымдық беріп, интернет кеңістігіне қажетінше назар аудармай отыр. Соның салдарынан отбасы институтын насихаттайтын, үлгілі отбасыларды елге танытатын және балаларға арналған қазақтілді контент өте аз. Сондықтан осы тақырыптағы контенттерге мемлекеттік тапсырысты көбейту қажет. Әрі оны тек телеарналарға ғана емес, интернет ресурстарға да бөлген жөн. Бір ғана «Балапан» телеарнасы жеткіліксіз. Менің ойымша, оған бәсекелес болатын балалар телеарналарын ашатын уақыт жетті, – деді Ерболат Мұхамеджан.

Айта кетейік, бұл тақырыпты талқылауға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Омаров, журналист, медиасарапшы Максим Рожин, БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) өкілі Юлия Лысенкова, белгілі блогер Батыржан Ибрагим және «Әкелер одағы» бірлестігі Алматы қалалық филиалының жетекшісі, продюсер Әлихан Мұсатов қатысты.

x

Check Also

Денсаулық сақтау саласын өңірлік дамытудың бағдарламасы

Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен,  денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп Шымкент қаласының «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың ...

Көшпелі отырыс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында осы сипаттағы құқықбұзушылықтармен күрес шаралары, партияның сайлауалды ...