«Көмешбұлақ» ауыз су магистралі қаламыз үшін маңызды жоба — Xnews — ақпарат агенттігі

«Көмешбұлақ» ауыз су магистралі қаламыз үшін маңызды жоба

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жұмыс кестесіне сәйкес «Көмешбұлақ» ауыз су магистралінің құрылысын қадағалады. Биыл қаланың ауыз су инфрақұрылымын жетілдіруге 16 млрд теңге бағытталып, 3 магистралды ауыз су тасымалына тәуелді 7 елді мекенге су жеткізу, кестемен берілетін 2 елді мекенде ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары атқарылды.

Нәтижесінде жыл соңына дейін 25 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылып, қаланың жалпы қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан 98%-ға жететін болады.

Жалпы ұзындығы 4,48 шақырымды құрайтын жобаның құрылыс алаңында сала жетекшілерімен жұмыс жиынын өткізген Мұрат Дүйсенбекұлы, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында халықты ауыз сумен қамту бойынша нақты міндет қойғанына тоқталып, бұл салада 2023 жылға дейін қаланың ауыз сумен қамтылу көрсеткішін 100%-ға жеткізу межеленгенін айтты.

Атқарылған істердің сапасын айрықша бақылауда ұстауды, құрылыс нысандарын белгіленген мерзімдерінде аяқталуын қадағалауды тапсырды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...