Келешегі кемел саланың білікті жетекшісі

ІТ саласы – болашағы зор мамандықтардың бірі. Оны меңгеру — жас түлектерді заман ағымымен жетелері анық. Себебі кез келген өзге маман иесіне де технология тілін білу – аса маңызды.

Шымкент қаласында М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің оқу істері бойынша директордың орынбасары, PhD докторант Диларам Баумуратова шәкірттерін келешегі кемел салаға бағыттап келеді.

Алғашқы еңбек жолын 2009 жылы осы колледжде арнайы пән мұғалім ретінде бастаған жас маман әу бастан өзінің ізденімпаздығы мен білімпаздығымен көзге түсті. Көп уақыт өтпей кафедра тізгінін қолға алып, ІТ саласына қатысты бағдарлама әзірлей бастады.

Ол 2016 жылдан бастап Жұмыспен қамту орталығы мен Кәсіпкерлер палатасы үшін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы мен «ЭЕМ операторы» біліктілігі бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасын дайындаған.

Педагогтердің цифрлық білімдерін дамытуға және қашықтан білім беруді жетілдіруге 7 бағдарламаны қолданысқа енгізді.

2020 жылдан бастап «Talap» КЕАҚ бастамасымен М. Өтебаев колледжі базасында студенттер мен мұғалімдердің кәсіби жетілуіне ықпал ететін «CISCO ACADEMY» құрылған болатын. Академияға осы саланың білікті маманы Д.Баумуратоваға жетекшілік етуде.

Ұстаз өзі ізденумен шәкірттерін де бәсекеге қабілетті, сапалы маман болып шығуына белсене атсалысып жүр. Студенттері «WorldSkills Kazakhstan-2019» республикалық чемпионатында «Желілік және жүйелік басқару» құзыреттілігі бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.

Тынымсыз еңбектің арқасында Диларам Бекболатқызы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталса, биыл «Үздік педагог-2021» байқауының қалалық кезеңінде жеңімпаз атанды.

x

Check Also

Шымкентте «Жомарт жан» орталығы игі іске ұйытқы болды

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан»орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін «ЖИТС-тен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан)балаларды қорғау» ...

Шымкенттік дәрігерлер 4 айлық сәбиге күрделі ота жасады

Қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға ...