Экспедициялық топ жолға шықты — Xnews — ақпарат агенттігі

Экспедициялық топ жолға шықты

Саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмысшы топ Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы ОҚУ-дан екі бағыт бойынша экспедициялық зерттеуге аттанды. Бес зерттеуші ғалым — Г. Жанысбекова, Б. Найманбаев, Қ. Наурызова, Б. Әбдіқали, А. Қалшабек 5 ерікті студенттермен бірге бірінші бағыт бойынша Қайнарбұлақ ауылындағы №160, Қайнарбұлақ саяжайында №83 және Тассай тұрғын алабында №116 мектепте ұстаздармен ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың саяси қуғын-сүргін көрген ата-бабалары жөнінде тың деректер жинады.

Қайнарбұлақ ауылының мұғалімі Ш. Умирова және ауыл ақсақалы Байділдә Бекмұрзаев кеңестік жүйенің құрбаны болған кешегі ауыл азаматтары туралы естіген-білген мәліметтерімен бөлісті. Қайнарбұлақ саяжайындағы №83 мектеп ұстазы Шаукилова Мая Ұлы Отан соғысына аттанып хабарсыз кеткен аталарының тағдыры жайлы білгісі келетінін жеткізді.

Экспедиция тобының жетекшісі Г. Жанысбекова іс-шара бірнеше күнге жалғасатынын, ал халықтан деректерді жинау, сол бойынша саяси жүйе құрбандарын ақтау ісі әлі ұзақ уақыт бойы жүргізілетінін айтты.

– Бүгінгі ұрпақтың міндеті өткенге қайта көз жүгіртіп, саяси жүйенің салдарынан талай азап шегіп, нәубетті бастан откерген ата-бабаларымызды ақтап алып, тарихты жаңа парақтан қайта бастау, — деді Г. Жанысбекова.

Экспедиция мүшелері бір күндік кездесудің өзінен тарихи мол мағлұматтар алып қайтты.

x

Check Also

Шәмші әндері – халық жүрегінде

Шымкентте қазақ вальсінің королі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын ұлықтауға арналған «Ән аға – Жан аға» атты концерттік кеш ...

Халық бірлігі – ел тұрақтылығының негізі

Шымкент қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлік мүшелері мен қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен ...