«Жас өнерпаз» байқауы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

«Жас өнерпаз» байқауы өтті

Шымкенттегі Дарын орталығында мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында «Жас өнерпаз» музыкалық шығармашылық байқауы өтті. Байқауға Шымкент қаласының мектепке дейінгі 31 ұйымнан 57 тәрбиеленуші қатысты.

Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде өткен байқаудың негізгі мақсаты — балалардың шығармашылыққа деген талпынысын арттыру, дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі әндерді дәріптеу. Сондай-ақ, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып ізгілік пен адамгершілікке баулу. Байқауға қатысып, өнер көрсеткен өрендердің арасынан жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

Жеңімпаздарды Дарын орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Джеренова Раушан Омарханқызы марапаттады. Байқау «Әнші балапан», «Биші балапан» және «Сәнқой балақай» номинациясы бойынша өткізілді. Жеңімпаздарға I, II, III дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...