«Халық қатысатын бюджет» жобасы өз нәтижесін беруде

Еңбекші ауданында 630 көпқабатты тұрғын үй 435 аулаға біріктірілген. Ауданда 2011-2020 жылдар аралығында кезең-кезеңмен 565 үйдің 373 ауласы абаттандырылған.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында 41 көпқабатты үйдің аулаларын жаңартуға бюджеттен қаражат бөлініп, қазіргі таңда 24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді.

Ал, 17 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Бұл жоба арқылы пайдалануға берілген аулалардың бірі — Ш.Уалиханов көшесі №225 үйдің ойын алаңшасы.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов аталған аумаққа барып, аяқталған құрылыс жұмысын тексерді.

– «Бұл жоба тиімділігін көрсетті. Аулалар жаңарып, қолайлы орта қалыптаса бастады. Ағаштар мен гүлдер отырғызып, күтім жасау маңызды. Аулалар — үйіміздің бір бөлігі. Енді уақытты тиімді қолдану үшін аула клубтарын ашуды ұсынамын. Аулалар арасында спорттық жарыстар, түрлі ойындар өткізуге болады. Осы мақсатта спорт алаңшалары көптеп ашылуда» — деді мегаполис әкімі.

Ауданда алдағы жылы да абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында жалғасады. Қазіргі таңда тұрғындар тарапынан 93 ұсыныс түсіп, тұрғындар арасында 66 ұсыныс қажетті дауыстар жинады.

Қаламызды бірге көркейтейік!

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...