Еңбекші ауданына 46 млрд. теңге жеке инвестиция тартылды

Еңбекші ауданында 20 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Биылғы жылғы тоғыз айдың қорытындысымен шағын және орта бизнес құрылымдарынан 59 млрд. теңге салық түсіп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 10 пайызға артқан.

Бұл туралы қала басшысы М. Әйтеновке аудан әкімі есеп беру жиынында баяндады. Осы мерзім ішінде ауданның инфрақұрылымдық және кәсіпкерлік бағыттарына 68 млрд. теңге көлеміндегі инвестиция тартылып, былтырғы жылмен салыстырғанда 123 пайызға артқан.

Аудан экономикасына тартылған инвестициялар құрамында жеке меншік инвестицияның үлесі 46 млрд. теңгеге жуықтайды.

Мұрат Дүйсенбекұлы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет ауқымды қолдаулар көрсетуде, ендігі міндет – экономикамызда кәсіпкерлер қосатын үлесті арттыру. «Бизнес табысты жұмыс істесе, бюджетке түсетін табыс артады. Бизнес үшін жағдай жасаңыздар. Жеке инвестиция тартуға жұмыс істеңіздер»,- деп нақты тапсырма жүктеді қала басшысы.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...