Еңбекші ауданы әкімі тікелей эфирде есеп берді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек «Оңтүстік» телеарнасында өткен тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, тұрғындар сауалына жауап берді.

Аудан әкімі биыл 9 айда межеленген жоспарлардың барлығы толығымен орындалғанын айтты. Инвестиция көлемі 10 пайызға артып, 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылған, 24 көп қабатты тұрғын үй ауласы абаттандырылған, 14 ашық спорт, тренажер, воркаут алаңшалары салынуда.

Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтсақ ауыз сумен 94,4%, электр жарығымен 96,5%, газбен 86,4%, кәріз жүйесімен 63 пайызға қамтылған. Бұл көрсеткішті жоғарылату мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жалпы эфир барысында тұрғындар тарапынан балалар алаңшасын орнату, әлеуметтік көмек алудағы бюрократия, көше жарықтандыруға қатысты 14 сұрақ қойылды.

Аудан әкімі тұрғындарға жауап беріп, тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...