ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетов қала тұрғындарын инфрақұрылыммен қамту бойынша құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарды аралады. Бұл туралы қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлады.

Қазіргі уақытта қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде Ынтымақ-2 елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту құрылысы толығымен аяқталып, тұрғын үйлерді суға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда барлығы 2500-ге жуық тұрғын болса, қазір 1000-нан астам абонент сапалы ауыз су тұтынуда.
Алдағы 2 апта көлемінде суға қосу жұмысы 100% орындалып, тұрғындар толығымен сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралау барысында қала әкімінің орынбасары Батыс және Жаңаталап елдімекендеріне де барды. Аталған елдімекендерде құрылыс жұмысы 100% аяқталған. Қазіргі уақытта ішкі орамдық су құбырларын жуып-шаю, дезинфекциялау және абоненттеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, жыл соңына дейін ауыз суды тасымалдайтын Солтүстік саяжай, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас тұрғын алабтары мен кестемен беріліп келген Жаңаталап, Сауле ш/а, Нұртастың жаңақұрылыс аумағында құрылыс жұмысы аяқталады. Нәтижесінде 25,6 мың адам ауыз сумен қамтылып, көрсеткіш 95,6%-дан — 98%-ға жетеді.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...