Бұқаралық спорттың дамуы – спорт нысандарының қолжетімділігінде

Шымкент қаласында бұқаралық спортты, спорттық инфрақұрылымды дамыту, жоғары спорт шеберлігі бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2021 жылдың 9 айында халықтың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде қамтылу көрсеткіші 31 %-дан асты.

Шаһарда 2021-2025 жылдары 115 заманауи спорт алаңдарын салу, «Металлург» стадионын қайта жаңғырту, №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенін пайдалануға беру, 14 мыңнан астам балаларға спорт секцияларын ашу, заманауи ипподром құрылысы және тағы басқа тиісті жұмыстар жүргізіледі. Осы жұмыстардың нәтижесінде халықтың бұқаралық спортпен қамтылуы 35 %-дан асады. 2021 жылы 4 096 бала спорт секцияларымен қамтылды.

Шаһарда спорт нысандарының саны – 890. Көпқабатты тұрғын үй аулаларының 77 % спорт және ойын алаңшаларымен қамтамасыз етілген. 2021 жылы спорт алаңшаларының құрылыс жоспарына сәйкес, Абай ауданында 33 спорт алаңша, Еңбекші ауданында 14, Қаратау ауданында 21 спорт алаңшасының құрылысы басталған. Жалпы 68 спорт алаңшасының құрылысы қолға алынған. Оның ішінде, жеке қаражат есебінен 14 спорт алаңша салынады. Бөлісу:

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...