Биыл Алтынтөбе тұрғын алабы табиғи газбен қамтылады

Абай ауданында 34 елдімекеннің 23-і (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 11 елді мекен қатты отынды пайдалануда. 7 елдімекенді (Алтынтөбе, Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ) табиғи газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары басталды.

Алтынтөбе тұрғын алабындағы құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толығымен аяқталады. Тәуелсіздікке-20 жыл, Айкөл, Құрсай, Ынтымақ-2, Нұршуақ шағын ауданына қатысты ЖСҚ әзірленуде. Көкбұлақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар тұрғын алаптарының халқы алдағы жылы табиғи газбен қамтылатын болады.

Нәтижесінде жыл соңында ауданды табиғи газбен қамту көрсеткіші 30 пайызды құрайтын болады.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...