Арнайы техниканың дайындығы тексерілді

Шымкент қалалық азаматтық қорғау қызметі мен авариялық-құтқару қызметтері жол техникасының қыс мезгіліне әзірлігі қаралды. Арнайы техниканың дайындығын қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов және ТЖ департаменті бастығының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев тексерді.

Бұл тексеру «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың қарсаңында өткізілуде. Мақсат – инертті материалдар қорын және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарына қалалық азаматтық қорғау қызметінің техникасын пайдалану деңгейін тексеру, арнайы техникалардың жұмысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын анықтау. Бұған қоса қыста туындауы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою пысықталды.

– Қыста Шымкент қаласының жалпы ұзындығы 1040 шақырымды құрайтын 315 көшесінде қар тазаланады. 32 бағытта коммуналды-техникалық қызметтің 684 техникасы және 1901 маман жұмыс істейді. Қазіргі таңда 5 мың тоннадан аса тұз, 22 мың текше метр құм дайындалды, инертті материалдар қорын толықтыру жұмыстары жалғасуда, – деді қала әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, Шымкент қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің 15 техникасы мен 105 адам жеке құрамы, апаттар медицинасы орталығы филиалының 4 техникасы мен 11 маманы, «Қазселденқорғау» мекемесінің 10 техникасы мен 11 адам жеке құрамы дайындыққа келтірілген.

Ауа райы нашарлаған жағдайда Шымкент қаласының полиция департаменті Шымкент–Алматы, Шымкент–Ташкент және Шымкент–Қызылорда секілді 3 бағытта автомобиль қозғалысын тоқтату бойынша жұмыс жүргізеді. Қажет болған жағдайда 123 жиналу-эвакуация пункті дайындыққа келтіріледі.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...