«Ақылды күнбағыс» кешенін пайдаланушылар саны артты

Қала тұрғындарына интернет желісін қолжетімді ету жергілікті әкімдіктердің басты міндеттерінің бірі. Қалалық цифрландыру басқармасының дерегінше, осы мақсатта 2020 жылы қаладағы 10 қоғамдық орынға 30 «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық кешені орнатылды.

Атап айтқанда, Орталық саябақта – 3, Тәуелсіздік саябағы -6, Металлургтер саябағы – 3, Қошқар ата – 2, Жеңіс саябағы – 3, Дендро саябағы – 3, Абай саябағы – 6, «Ескі қала» Цитадель аумағында – 4.

Қазір 9 айдың есебі бойынша «Ақылды күнбағыс» кешенін қолданған қала тұрғындарының саны 250 мыңға жетті. Сонымен қатар, бұл көрсеткішті жоғарылату мақсатында ағымдағы жылы қосымша 10 қоғамдық орындарға 30 «Wi-fi aimaq» модемдері орнатылып, іске қосылды.

Олар, Бәйдібек би ескерткішінің алаңы – 2, Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының артындағы парктің алаңы – 4, Нұрсат аллеясы (Назарбекова-Бәйдібек би көшелерінің қиылысы) – 2, Фонтан (Тюльпан) — 2, Арбат – 4, Нұрсат №130 мектеп артындағы аллеясы – 2, Наурыз алаңы – 4, Шәмші аллеясы – 2, Дендросаябақ – 6, Қазына саябағы маңында.

Қазіргі таңда, «Wi-fi aimaq» модемдерін тұрақты қолданушылар саны 9000-ға жуықтады. Алдағы уақытта, қала аумағындағы қоғамдық орындарды 100% тегін Wi-Fi желісімен қамту мақсатында 4 аудан әкімдігімен талдау жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы қала аумағындағы қоғамдық орындардың барлығын дерлік тегін Wi-Fi желісімен қамту жұмыстары жоспарлануда. Тиісті жұмыстар іске асырылса қала аумағындағы қоғамдық орындар жоғарғы жылдамдықты интернет желісімен қамтылатын болады.

x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...