«Алып күш иесі – Қажымұқан!» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Қазақтың мақтанышы, әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай «Қазығұртфильм» Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің тапсырысы бойынша Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен түсірген «Алып күш иесі – Қажымұқан!» деректі фильмінің тұсаукесері өткізілді.

Фильм мақсаты: Алып күш иесі, ұлт мақтанышы мен қаһарман тұлға жайлы өскелең ұрпаққа жеткізу, оның ерекше өнері мен ерен еңбегін насихаттау, Түркістан облысының дамуына үлес қосып, қазақ кино қоржынын сапалы туындымен толықтыру.

Деректі фильмде Қажымұқанның дүниеге келуінен бастап, балалық шағы, бойындағы ерекше дарынын байқап, күреске келу сәті, сондай-ақ жеткен жетістігі мен халқына деген сүйіспеншілігі баяндалады. Сонымен қатар, бұл туындыда зерттеушілердің балуанның осыған дейін туған жері Қараөткел ауылы саналып келген деректі жоққа шығаруы сынды тың жаңалық ұсынады. Фильмнің көрсетілімінде — продюсер Сәбит Әбдіхалықов, кеңесші — Әлімжан Құртаев, сценарий авторы — Сафуан Рысбай, қоюшы режиссер — Самат Джалилов, қоюшы оператор — Айбек Сатылған, композитор — Ғалымжан Секеев болды. Жалпы фильмнің ұзақтығы 49 мин 35 сек.

Күш атасы атанған Мұқан Мұңайтпасұлы күрес өнерін жетік меңгеріп, әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Ол дүниежүзінің 30-ға жуық елін аралап, 50-ден астам медаль жеңіп алған кәсіпқой балуан. Батырдың спорттағы жетістіктерінен бөлек, халқы үшін аянбай тер төккен ерен еңбегі жайлы жиі айтылып, әлі де зерттеліп келеді.

x

Check Also

«Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» форумында тарихи шаһардың туристік әлеуетін көтеру жолдары қаралды

Түркістан қаласында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» республикалық туристік форумы өтті. Маңызды шараға Орталық Азия елдерінің және еліміздің туризм ...

Түркістанда 2025 жылдың туристік маусымы ашылды

«Kеруен сарай» кешенінде «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбымен өңірдің туристік маусымы ашылды. Облыстың туристік әлеуетін, инфрақұрылымын жақсарту және ...