Әл-Фараби ауданы әкімі тікелей эфирде есеп берді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев «Оңтүстік» телеарнасында өткен тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, тұрғындар сауалына жауап берді.

Аудан әкімі 2021 жылдың 9 айында жүзеге асқан жұмыстар — инфрақұрылым, әлеуметтік саланың дамуы, абаттандыру, инвестиция тарту, жолдар құрылысы, спорт алаңшалары, жалпы 7 индикатор бойынша негізгі тапсырмалардың орындалу барысына тоқталып өтті.

Сондай-ақ, аудан басшысы апатты үйлердің орнына жаңа тұрғын үй кешендерін салу бойынша тиісті келісімдер жасалғанынан хабардар етіп, бұл бағытта инвесторларды шақырды.

Жалпы эфир барысында тұрғындар тарапынан жолдарды асфальттау, кәріз жүйелерін орнату, көпқабатты үйлерде жылуға дайындық мәселелері, аялдамалардың атауларын жүйелеу қажеттігі жөнінде сауалдар қойылды.

Аудан әкімі тұрғындар сауалына жауап беріп, тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.

Айта кетсек, аудан аумағында жылу қабылдайтын 615 көпқабатты тұрғын үй тіркелген. 2021-2022 жылғы жылу маусымына орай, барлық көпқабатты тұрғын үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды.

Жылу беру маусымының қалыпты өтуі күнделікті бақылауда.

Бүгін, кешкі 19:00 де Еңбекші ауданы әкімі, 9 айда атқарылған жұмыстар жайында есеп береді. Ауданға қатысты сауалдарыңызды тікелей эфирде қоя аласыздар.

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...