Абай ауданында 35 спорт алаңшасы салынуда

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген ашық спорт алаңшасына барды. Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген.

Соңғы жеті жылда 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды. Осы жылы 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыруға, 12 спорт алаңшасын ағымдағы жөндеуге, 35 спорт алаңшаларын орнатуға қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Жыл соңына дейін толығымен пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды. 2022 жылы 15 ауланы абаттандыру, 50 спорт алаңшасын салу жоспарланып отыр.

Қала әкімі тұрғындарға енді бұл алаңшаларды күтіп ұстау керектігін айтса, доп теуіп риза болған балалар өз алғыстарын жеткізді.

x

Check Also

«Айбын–2025» – жастар рухының жарқын көрінісі!

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №1 Оқушылар сарайында «Айбын–2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының Шымкент қалалық іріктеу кезеңінің салтанатты ...

Мерекеге орай ардагерлерге бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі

Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай бір реттік әлеуметтік көмек көрсету ...