500-ден астам сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді

Шымкентте жыл басынан бері 575 мүмкіндігі шектеулі азамат сурдотехникалық құралдарға «әлеуметтік портал» арқылы онлайн тапсырыс берген.

Мүгедектерді сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдарға тапсырыс берген күннен бастап 14 күн ішінде тегін жеткізіледі.

Сурдотехникалық құралдар Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, мүгедек балалар мен бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге беріледі.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті құралдармен қамтамасыз ету 85,9% пайыз көрсеткішті құрады. Шымкент қаласы еліміздегі басқа қалалар арасында көрсерткіш бойынша алдыңғы орында.

Айта кетейік, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарының 55 түріне және түрлі қызметтерге онлайн тапсырыс бере алады. Портал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйінен шықпай ЭЦҚ көмегімен көптеген мүмкіндік ұсынып отыр. Мүгедектігі бар жандарды протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалармен қамтамасыз ету қарастырылған. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторий-курорттық емдеу қызметтері кіреді.

x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...