2025 жылы спортпен шұғылданушылар санын 33 %-ға жеткізу жоспарланып отыр

Шымкент – саламаттылыққа бет түзеген қала. Шаһарда бұқаралық спортты дамыту, спорт нысандарын қолжетімді ету мақсатында алдағы бес жылда 6 спорт кешені салынады. 2021 жылы бұл мақсатта 2 жоба іске асты.

Қалада 2025 жылы спортпен шұғылданушылар санын 33 %-ға жеткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 2021 жылы 31, 2022 жылы 31,5, 2023 жылы 32, 2024 жылы 32,5 және 2025 жылы 33 пайызға артпақ. 2021 жылы 6 стрит-воркаут алаңын апйдалануға беру жоспарланған. Нәтижесінде, 7 воркаут алаңы халық игілігіне берілді.

Сонымен қатар, шаһарда 5 жылда 80 шағынауданда спорт секциясын ашу көзделуде. 2021 жылы 37 спорт секциясы ашылды. Одан бөлек, 2021 жылы 73 спорт алаңын ашу жоспарланған болатын. Бүгінде 115 спорт алаңының құрылысы жүргізілуде.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...