«Visit Shymkent» орталығы әлеуметтік туризм бағыты бойынша экскурсия өткізді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Visit Shymkent» орталығы әлеуметтік туризм бағыты бойынша көп балалы жанұядан шыққан бүлдіршіндерге экскурсия ұйымдастырды.

Тур «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорымен бірлесе «Мейірімді жүрек» акциясы аясында қолға алынды. Құрамы 20-дан аса оқушыдан жасақталған топ мүшелері “Шым қала” тарихи-мәдени орталығы, Этноауыл, Түркістан облысының тарихи-өлкетану музейі, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы және Бәйдібек би ескерткішіне барып, туристік нысандармен танысты.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың туған өлке тарихы туралы ой-танымдарын арттырып, Шымкент қаласындағы туристік нысандар және көрікті орындармен таныстыру. Ал, арнайы экскурсия аяқталған соң, бүлдіршіндерге «Ладушки» кафетериясы тарапынан тегін түскі ас және сыйлықтар ұсынылды. Жасөспірімдерді қала тарихымен таныстыруды көздеген арнайы экскурсиялық шаралар алдағы уақыт да жалғасатын болады.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...