Ұлттық халық санағында тұрғындар белсенділігі қажет

Бүгін қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен өткен жиында Ұлттық халық санағының барысы жөнінде талқыланды. Осы жылдың 1-30 қазан аралығында дәстүрлі халық санағы өтеді.

Бүгінге дейін Шымкентте 241 750 адам, яғни халықтың 22,0% интернет желісі арқылы санаққа қатысқан. Сонымен бірге, Ұлттық халық санағын өткізуге мыңнан астам интервьер үй-үйді аралауға кіріскен. Әкім орынбасары санақтың аяқталуына 25 күн қалғанын, қалада санаққа қатысуға белсенділік төмендігін айтып өтті.

Жұмыс қарқынын қатаң сынға алған Е.Білісбеков аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшыларына Ұлттық статистика бюросы департаментінің мамандарымен өзара бірлескен жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Сырым Мәдиев көп жағдайда тұрғындардың есік ашпай, дөрекілік танытып, сауалнамадан бас тарту секілді кедергілер орын алып жатқанын айтты.

Халықтың барын бағамдап, тұтас мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды науқанда тұрғындардың белсенділігі қажет. Әкім орынбасары аудан әкімдеріне санақты жүргізу үшін көше немесе тұрғын үй басқарушыларымен бірге жүзеге асыруды және персоналдардың қауіпсіздігін назардан тыс қалдырмау қажет екенін тапсырды.

Айта кетсек, қала тұрғандары 15-ші қазанға дейін sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн санақтан өтуге болады.

x

Check Also

80 лет истории – яркий символ веры в будущее

Сегодня в «Доме дружбы» города Шымкент состоялось торжественное мероприятие, посвященное 80-летию переселения турок-ахысов в Казахстан. В этом событии приняли участие ...

80 жылдық тарих – болашаққа деген сенімнің жарқын символы

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» ахысқа түріктерінің Қазақстанға қоныстануының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ...