ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАҢА РЕФОРМА ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Бұдан бөлек ауданда кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

Осыған орай, бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде МИБ және ЖС құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 501 жиналыс ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде, 365 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда 69,9 пайызды құрап отыр. Оның ішінде, 259 көпқабатты тұрғын үйде ЖС және 58 көпқабатты үйде МИБ құрылған. Сондай-ақ өткен аптада көпқабатты тұрғын үй тұрғындарымен 23 жиналыс өткізіліп, хаттамалары түзілді.

Әл-Фараби ауданында бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен 470 жиналыс ұйымдастырылды. Соның нәтижесіне орай 53 көпқабатты тұрғын үй МИБ басқаруына көшті. Сондай-ақ, 184 тұрғын үй ЖС-ға өтті. Қосымша мүлік иелерінің бірлестігін құру бойынша 33 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда. Бұдан бөлек, 22 көпқабатты тұрғын үйге кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша қажетті құжаттар (хаттамалар) тұрғындарға келісілуге беріліп, түсіндіру жұмыстар жалғасын табуда.

Бүгінге дейін Қаратау ауданы аумағында МИБ және ЖС басқару түрін түсіндіру бойынша тұрғындармен 74 кездесу, 16 онлайн жиналыс өткізілді. Аудан бойынша 9 МИБ және 228 ЖС құрылған. Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары нәтижесінде қалған көпқабатты үйлерден хаттамалар жинақталуда.

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...