Төрт ауданда белсенді өмір сүру орталықтары ашылады

Шымкент қаласында жыл соңына дейін зейнеткерлерге арналған белсенді өмір сүру орталықтары ашылады. Қарт адамдардың денсаулығын қолдау және бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру мекемелері мегаполистің 4 ауданында жұмыс істейтін болады.

Бұл жұмыстар қарттарды қолдауға арналған 2025 жылға дейінгі жоспар аясында жүзеге асырылмақ. Бүгін қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков алдағы уақытта ашылатын зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға әлеуметтік қызмет түрлерін ұсынатын орталықтарды тексеріп өтті.

Ерғали Білісбеков бірінші кезекте ғимаратта талапқа сай заманауи дизайн, пандус, желдеткіш, лифт пен көлік тұрағына дейін ыңғайлы болуы керектігіне тоқталды. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қазіргі таңда зейнет жасына жеткен азаматтарға «Асыл Жүрек» әлеуметтік-медициналық орталығы жартылай стационарлық жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп келетінін баяндады.

Орталыққа келушілерге жоғары және бірінші санатты дәрігер кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері қызмет көрсетеді.

Сонымен бірге емдік денешынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар да қарастырылған. Қызмет алушылардың кино, сенсорлық бөлме, кітапханада демалуға да мүмкіншіліктері бар. Психолог маманынан кеңес алып, психологиялық тренингтерге қатыса алады.

x

Check Also

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөз сөйледі

Президент Конгресс-холға жиналған жергілікті қауым алдында сөйлеген сөзінде шаһарға жұмыс сапарымен арнайы келгенін, шырайлы Шымкент еліміз үшін өте маңызды қала, ...

Мемлекет басшысы «Tulip Hall» көпфункционалды кешеніне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Президент тапсырмасына сәйкес бой ...