«Ten qogam» – баршаға бірдей мүмкіндік береді

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік, құқықтық, жұмысқа орналасу, өз ісін бастауда кәсіпкерлікке баулу, тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды үйрету қызметтерін жүзеге асыратын «Ten qogam» әлеуметтік орталығы жұмыс істейді.

«Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін бұл орталық осы жылдың 1 шілдесінде ашылып, бүгінге 4 224 мүмкіндігі шектеулі азаматқа түрлі қызмет көрсетілген.

Оның ішінде санаторий-курорттық емделуге 2 099 өтінім қабылданып, 1 783 адамға жолдама берілген. Бір азамат «Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқуға жолданған, 20 адам психологтың көмегіне жүгінсе, 225-і гигиеналық құралдармен қамтылған.

Мүмкіндігі шектеулі жандар орталықта мамандардың көмегімен aleumet.egov.kz порталы арқылы өздеріне тиесілі түрлі әлеуметтік қызметтерга тапсырыс бере алады.

Ерекше қорғалған азаматтар үйден шықпай-ақ электрондық қолтаңбамен http://aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар. Портал арқылы таңдалған тауар азаматтың үйіне жеткізіледі немесе қоймадан өзі алып кете алады.

Мекен-жайы:Нұрсат м/а, С.Бәйтереков көшесі,89 (1 қабат)

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...